jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Танымал ресейлік продюсер қазақстандық жігіттерден құралған топ құрды (видео)

    : UGC

    Биыл қазан айының соңында танымал ресейлік продюсер Максим Фадеев аса маңызды мәлімдеме жасады. MALFA компаниясының негізін қалаушысы әрі жетекшісі өз лейблі құрамындағы барлық әртістермен келісім шарт үзгенін хабарлаған болатын. Алайда, енді Фадеев беc қазақстандық жігіттен құралған жаңа топ құрғаны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    INKI тобы. Фото: instagram.com/the.inki
    INKI тобы. Фото: instagram.com/the.inki: UGC

    Өз продюсерлік орталығында болған әртістермен қош айтысар кезде ресейлік продюсер лейблінің саясатын түбегейлі өзгертпек ниетте екенін айтқан болатын.

    Өз қоластындағы әншілермен келісім шартты тоқтатқаннан кейін Фадеев жылына тек бір немесе екі жобамен ғана жұмыс жүргізуді көздеді. Алайда, олар аса сапалы әрі "эксклюзивті әрі қымбат" болуы шарт еді.

    Жаңадан құрылған INKI тобы продюсердің талабына сай болып шықса керек. Лейблдегі жаңа дем туралы MALFA басшысының өзі Instagram парақшасында хабарлаған.

    Фадеевтің сөзінше, бұл ұжым азиялық поп-айдолдар стиліндегі әрі жаңа форматтағы топ болмақ.

    Аталмыш топ құрамына бес қазақстандық жігіт кірді. Күні кеше ғана шоу-бизнеске қадам жасаған ұжымның Instagram желісінде ресми парақшасы пайда болған.

    Бүгінде, INKI тобы өзінің дебюттік бейнебаянын жарыққа шығарып үлгерген.

    Жас әншілердің айтуынша, олар осы жылы Мәскеуде тұрған. Қазақстандықтар бір жыл бойы жобаларының шығуына қарқынды түрде дайындалған.

    Топ құрамына: Оралдық AYU (АЮ), шымкенттік AYZEN (Айзен), алматылық ASH (ЭШ) мен AIM (Эйм), және Жітіқарадан ERA (Ера) есімді жігіттер кірген.

    Олардың әрқайсысының топқа келуіне қатысты хикаясы бар. Бұл туралы желідегі парақшадан оқи аласыздар.

    Танымал ресейлік продюсер қазақстандық жігіттерден құралған топ құрды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.