jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Өз әйелі бола тұра "Қалаулымға" тоқал алуға келген азамат жаға ұстатты (видео)

    : Instagram

    "Қалаулым" бағдарламасы тағы да қызу талқыға түсті. Бұл жолы атышулы жобаға үміткер ретінде заңды некедегі ер адам келген. Ол қатысушылардың бірін тоқалдыққа алуға ниетті екенін айтып, көпшілікті таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Заңды әйелі бар азамат Ләззәт есімді қатысушыға үміткер болып келді. Ер адам студияға кіре салып, бағдарламаға махаббатын іздеп келген келіншекті тоқал етіп алғысы келетінін жасырмай айтты.

    "Сөздің шыны керек, әйелім бар. Ол кісі оранып киінеді. Хиджабта жүреді. Ләззәт менің келуімнің себебін енді өзі түсініп отырған шығар. Ресми әйелім бар, ажыраспағанмын. Тоқал алуға келіп отырмын" деді үміткер.

    Оның бұл мәлімдемесі студияда отырған көпшілік пен көгілдір экран алдындағы көрермендерді де аса қатты таңғалдырды. Өзге қатысушылар тіпті, азаматтың мұндай оймен бағдарламаға келгені үшін сынап тастады.

    Ал желі қолданушыларынің пікірі бұл мәселеге қатысты екіге бөлінді. Бірі ер адамның қылығын қолдаса, енді бірі даттап жатыр.

    Айта кетерлігі, отбасылы азаматтың таңдап келген Ләззәт есімді қатысушысы бұған дейінгі эфирлерде тоқал болуға қарсы еместігін айтып жүрген.

    Келіншегі бар ер адамның "Қалаулымға" келген сәті атышулы жобаның Instagram парақшасында жарияланды.

    Айта кету керек, жақында ғана "Қалаулымда" тағы бір шулы оқиға орын алды. Бағдарламаға қатысушы болып келген жігіт өзі сияқты жобаға махаббатын іздеп келген аруды алып қашты. Қызығы, бойжеткеннің сөйлесіп жүрген үміткері болған. Алайда, ол өзін алып қашқан жігіттің жары атануға келісімін берді.

    Оған қоса, "Қалаулым" арқылы табысқан Жанерке Елшін мен Еркебұлан Ахметбеков алғаш рет ата-ана атанды. Танымал жұп ұлына Ахметәли деген ат қойған.

    Өз әйелі бола тұра "Қалаулымға" тоқал алуға келген азамат жаға ұстатты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.