jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Айқын әкесінің 70 жас мерейтойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

    : Instagram

    Отандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген әкесінің 70 жасқа толуына орай дүбірлі той жасап, ерекше атап өткен. Әнші мерейтойда ет-жақындарымен қоса, өнердегі достарының да басын қосқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/aikyn/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/aikyn/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Айқын Төлепберген асқар тау әкесінің туған күнін оңтүстік астананадағы мейрамханалардың бірінде атап өткен. Мерекелік кешке туған-туыстардан бөлек, шоу-бизнес өкілдері де шақырту алған.

    Өнер иесінің қуанышына Серік Ибрагимов, Бағлан Әбдірайымов, Мырзахан Маханов, Ердос Қанаев, Жеңісхан Момышев, Медеу Арынбаев, Қайрат Құдайберген, Ғазизхан Шекербеков, Нұржан Тәжікенов, Айдар Тұрғамбек, Әлішер Кәрімов, Нұрболат Абудллин сынды танымал тұлғалар құттықтап барған. Отандық эстраданың бетке ұстарлары дүбірлі тойға өз үлесін қосып, өнерін ортаға паш еткен.

    Той иелері мен қонақтар көңілді кештегі суреттер мен видеолармен желіде жарыса бөліскен.

    Айқынның өзі болса, аталмыш тойдың ұйымдастыруына ерекше атсалысқан жары Жұлдыз Өмірғалиға Instagram парақшасында жазба арнап, өз алғысын жеткізген.

    "Папамның тойына ерекше атсалысқан жаным. Рахмет саған. Бәрі керемет болды" , - деп жазды ол.

    Айта кетейік, бұған дейін Айқынның әкесін 70 жасқа толуымен ерекше құттықтағанын жазған болатынбыз. Оған қоса, әнші алғаш рет әкесі жайлы тың мәліметпен бөліскен. Белгілі болғандай, өнер иесінің әкесі де өнерден алыс емес болып шықты.

    Айқын әкесінің 70 жас мерейтойын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.