jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Сыра мен шарап болу керек": Есқалиева өзіне қандай келін керек екенін айтты

    : Instagram

    Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Нағима Есқалиева болашақ келініне қояр талабымен бөлісті. Өнер иесі бүгінде жалғыз ұлы Диас Аблаевты үйлендіре алмай әлек. Шоу-бизнес жұлдызы әже бақытын сезінгісі келіп жүргенін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Фото: видеодан кадр/Instagram/dias_ablayev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр/Instagram/dias_ablayev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Есқалиева өз отбасына келін болып түсетін арудың бойында қандай қасиеттер болу керектігіні еш бүкпесіз айтты.

    "Жақсы қыз болу керек. Таңертен сыра болатын болсын. Тоңазытқышта шарап тұру керек. Сосын, "мама" деп айтып, үнемі енесінің қасында болатын келін керек. Болды", - дейді әнші.

    Оған қоса, эстрада өкілі ұлы 33 жасына дейін бірде-бір қызды алып келіп таныстырмағанын жеткізді.

    "Осы 33 жасында оның қасында бір қызды да көрмедім. Оның ғашық болған қызын да көрмедім. Негізі, ер адамдар болашақта өз анасына ұқсайтын аруды іздейді. Ал мен сияқты "ақымақты" қайдан табады? Ондай деген жоқ. Сондықтан оған қиындау. Сол сияқты Әли Оқапов. Анасы ұқсағанын қалайды. Ең бастысы, үйленсе болды" , - дейді Есқалиева.

    Ал сүрбойдақтар қатарында көш бастап тұрған Диас Аблаев әлі өмірлік серігін кездестірмеген.

    "Өкінішке орай, әзірге жолықтырмадым. Қашан ғашық боламын, сол кезде үйленемін. (...) Бақытты әрі тыныш өмір сүргім келеді" , - дейді ол.

    Айта кетейік, бұған дейін Нағима Есқалиева Бақыт Шадаеваның 50 жас мерейтойына барып, оның қуанышын бірге бөліскен болатын.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Сыра мен шарап болу керек": Есқалиева өзіне қандай келін керек екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.