jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Нұрлан Еспанов Алматыдағы зәулім үйін көрсетті (фото, видео)

    : Instagram

    Отандық танымал әнші Нұрлан Еспанов көпшілікке зәулім үйін көрсетті. Өнер иесі журналистерді шаңырағында қонақ етіп, әрбір бөлмесіне жеке тоқтала таныстырды. Шоу-бизнес жұлдызы жора-жолдастарынан алған бағалы сыйлықтарын да ел назарына паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Жұлдызды Weekend" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Нұрлан Еспанов отбасымен бірге Алматы қаласына қоныстанған. Оған қоса, әншінің анасы да оның қолында тұрады екен.

    Тілшілерге үйін таныстырған эстрада өкілі отбасы мүшелерінің әрқайсының бөлмесін жеке-жеке көрсетіп шықты. Сонымен қатар, шоу-бизнес жұлдызы үйіндегі қай затты қай досы сыйға тарту еткенін де еш бүкпесіз айтып берді.

    Фото: видеодан кадр.
    Фото: видеодан кадр.: Twitter

    Оған қоса, Еспановтың үйінде тек бір өзіне арналған бұрышы бар болып шықты.

    Ол жерде әншінің өнердегі жетістіктері мен ерен еңбегі үшін берілген ерекше марапаттары толып тұр. Сансыз мақтау қағаздары мен төсбелгілердің қасында Нұрланның өзінің үлкен портреті де бар.

    Әртістің ас үйін түсіру барысында ақпарат өкілдері оның анасымен танысты. Еспанов бүгінгі күнге жетіп, осындай жағдайға дейін көтерілуіне анасының қосқан үлесі зор екенін айтып, ағынан жарылды.

    Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспанов алғаш рет әйелінің ауыр дерті туралы айтқан болатын. Әнші отбасындағы қиын кезең жайлы жан сырын ақтарды.

    Фото: видеодан кадр.
    Фото: видеодан кадр.: Twitter

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Нұрлан Еспанов Алматыдағы зәулім үйін көрсетті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.