jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Босатылсын!": Бүркіт Қордайдағы жағдайға қатысты өз ойын ашық айтты

    : Instagram

    Отандық эстрада жұлдызы Айбек Жансейітов Жамбыл облысы Қордай маңында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бүркіт халықтан кешірімді болуды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүркіт. Фото: Instagram; Оқиға орны. Фото: Тимур Батыршин/ Sputnik Қазақстан
    Бүркіт. Фото: Instagram; Оқиға орны. Фото: Тимур Батыршин/ Sputnik Қазақстан: Instagram

    Өнер иесі жаппай тәртіпсіздікке тұрмыстық жанжал себепкер болғанын айтып, қамаудағы азаматтардың бостандыққа шығуын сұрады.

    "Қанша адам қайтыс болып кетті. Қаншама көлік жанып, қаншама дүкен-офис қирап кетті. Ең бастысы, адам өміріне қауіп төнді. Осының бәрі неден? Мұның бәрі тұрмыстық жанжалдан шығып отыр.

    3-4 адамның бір-бірімен келіспеушілігі салдарынан пайда болған жанжал! Бірін-бірі жығып, сүйегін сындырғаны үшін. Неге?

    Түсінбеймін мен! Неге бәрі атысып, көше-көшемен, ауыл-ауылмен қырылысып кету керек? Басқаның ісі үшін ешқашан біреу жауап бермейді ғой.

    Жаман халық жоқ! Жаман ниетті адамдар бар! Кез келген халықта ондайлар бар. Кешірімді болыңдар, бауырлар. Кешірімді! Барлығы заңмен шешілсін! Өз-өзін басқарудан аулақ болыңдар.
    Қамауға алынған бауырлар босқа сотталып кетпесін! Босатылсын! Олар - елім, өз ауылым, өз жерім деп жаны ашыған жігіттер!",- деп жазды Бүркіт.

    Отандық эстрада жұлдызы қайтыс болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Ол халықты бірлік пен сабырға шақырды.

    Айта кетейік, күні кеше Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылып, оның орнына Бердібек Сапарбаев келді.

    Үкімет басшысы Асқар Мамин Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Сапарбаевты әкім ретінде таныстырды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Босатылсын!": Бүркіт Қордайдағы жағдайға қатысты өз ойын ашық айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.