jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Жазира Байырбекова марқұм әкесіне жантебірентерлік жазба арнады (фото)

    : Instagram

    Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде марқұм әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, елді жылатты. Өнер иесінің әкесі тірі болғанда бүгін 71 жасқа толатын еді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/zhazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/zhazira_bairbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Жазира Байырбекова әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Шоу-бизнес жұлдызы әкесінің туған күнінде оның берген тәлім-тәрбиесі мен салып берген жолын өмірлік азығына айналғанын жазды.

    "Әкем Сайлау Байырбеков тірі болғанда бүгін 71 жасқа толар еді. Халықтың алдына шыққанымда әрдайым әкем сол халықтың арасында отырғандай сезінемін. "Жақсы әке балаға 40 жыл азық" дейді. Менің әкемнің маған салып берген жолы өмір бойы азығым болып қалмақ! Әке,жаның жәннатта болсын" , - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары өнер иесінің жантебірентерлік жазбасы жүректеріне жеткенін жеткізіп, Байырбековаға өзіндік қолдауларын білдірді.

    "Жаны жәннәтта болсын, әкеңіздің көрмеген қызықтарын сіздер көріңіздер" , "Әкеңіз керемет жан еді" , "Әкеңізден айнымай қалыпсыз. Жатқан жері жайлы болсын" , "Қыздарыңыз барлығы әкесіне тартқан екен" , "Жаткан жері жайлы жəні жəннатта болсын калган ұрпактарына ұзак ғұмыр берсін Алла" , - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, бұған дейін Жазира мен Жанболат алаяқтар өз аттарын заңсыз пайдаланып жүргенін хабарлаған болатын. Олар желіде ұтыс ойнатпайтындарын мәлімдеп, көпшілікті алданып қалмауға шақырды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Жазира Байырбекова марқұм әкесіне жантебірентерлік жазба арнады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.