jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алты баланың анасы атанған Динара Сұлтан перзентханадан шықты (фото)

    : Instagram

    Жақында ғана алтыншы перзентін дүниеге әкелген отандық танымал әнші Динара Сұлтан перзентханадан шығып, үйіне оралды. Алайда көпбалалы ана өзге әріптестері секілді босанғаннан кейін медициналық орталықтан дүркіретіп тойлап шыққанды құп көрмейді екен. Ол әр баласын туған сайын перзентханадан сәбиі және күйеуімен жай ғана қайтып кететінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: instagram.com/dinara_sultan1. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: instagram.com/dinara_sultan1. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Динара Сұлтан перзентханадан шығып, үйіне қайтқанын Instagram желісінде өзі хабарлады.

    Әнші өміріндегі ерекше сәттердің бірін тойға айналдырып, көпшілік назарына паш еткісі келмейді. Ол тілшілерге сұхбат беріп тұрудың орнына, бұл әсерлі күнді отбасымен атап өткенді қалайтынын жасырмады.

    "Мен перзентханадан шығу шарасын ауқымды түрде өткізіп, оған арнайы макияж бен фотосет жасатып, журналистерге сұхбат беруді ұнатпаймын. Алты рет босанғанымда да мен сүйікті күйеуім мен дүние есігін ашқан бір уыс бақытым - сәбиіммен оралғанмын. Осы жолы да дәл солай. Бұл күндері отбасыңмен бірге болғың келеді" , - деп жазды әнші.

    Оған қоса, Динара Сұлтан өзінің сәтті босануына септігін тигізген аурухана мен оның дәрігерлеріне өз алғысын жаудырды.

    Айта кетейік, өткен аптада Динара Сұлтан алтыншы мәрте ана атанған болатын. Әнші мен оның жолдасы ұлды болды. Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өнер иесін балалы болуымен құттықтап, оның ұзақ уақыт жасырып келген күйеуінің түрін көрсетті.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Алты баланың анасы атанған Динара Сұлтан перзентханадан шықты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.