jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Әпкелі-сіңлілі сияқты": Айдарбекова көпшілік өзін Сәдуақасоваға ұқсататынын айтты (фото)

    : Instagram

    Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандары мен таныстарының көбісі өзін әнші Мадина Сәдуақасоваға ұқсатып жататынын айтты. Қайрат Нұртастың анасы мен эстрада жұлдызымен жұмыс істейтін визажист мамандар да олардың бет пішіндері бірдей екенін айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/gulziraaidarbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/gulziraaidarbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Гүлзира Айдарбекова әнші сіңлісі Мадина Сәдуақасовамен өзара ұқсастығы жайлы Instagram парақшасында жазба жариялап, желідегілермен бөліскен. Оған қоса, белгілі продюсер өзін Жазира Байырбековамен шатастырып жататындар бар екенін жеткізді.

    "Көбіне маған "Мадинаға ұқсап кетесіз" дейтіндер көп. Әсіресе бетімізді бояйтын қыздар, бояғанда "беттеріңіздің формасы бірдей" дейді. Мадина да маған осы әңгімені көп айтады. "Туған әпкеңіз не анаңыздай ұқсастық бар деп оқырмандарым, таныстарым көп айтады" дейді. Негізі түк ұқсамаймыз, бірақ қанымыз қазақ болған соң ұқсай береміз ғой.
    Ал кейбіреулер Жазира Байырбековаға ұқсатып жатады. Жазира көрген жерде "жұрт сізге ұқсата береді келіңізші жақсылап бір суретке түсіп салайық" деп тұрады. Сол себепті, Мадина да "бүгін ұқсас жандар бір суретке түсіп қояйықшы" деп ұсыныс тастаған соң, осы суретке түсіп алдық" , - деп жазды Айдарбекова.

    Желідегілер қос жұлдыздың ұқсастығына қатысты екі түрлі пікір білдіруде. Бірі оларды бір-бірінен айнымайды деп жатса, енді бірі мүлдем ұқсамайтынын жазуда.

    Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың жолын кеспек болған адамдар туралы бар шындықты айтқан еді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Әпкелі-сіңлілі сияқты": Айдарбекова көпшілік өзін Сәдуақасоваға ұқсататынын айтты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.