jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Байлығым жоқ": Абаевтың орынбасары лотореядан пәтер ұтып алды

    : Facebook

    Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың орынбасары лотореядан пәтер ұтып алуына байланысты жағдайға түсінік берді деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ

    корруп
    Ғабидолла Оспанқұлов. Фото: primeminister.kz: UGC

    Өткен аптада отандық компаниядан пәтер ұтып алған Ғабидолла Оспанқұлов мәжіліс сағатында оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

    Оның айтуынша, екі мың қатысушы өз билеттерін шыны лототронға салған. Содан соң барабанды айналдырып, қағаз шығарған.

    Ұтыста үш басты жүлде болыпты. Біріншісі - Қайрат Нұртас ойнатқан шетелге жолдама. Екіншісі Роза Рымбаева ойнатқан автокөлік. Үшінші жүлде "Иванушки International" тобының қатысушысы Кирилл ойнатқан бір бөлмелі пәтер.

    Ғабидолла Оспанқұлов бір бөлмелі пәтерді ұтып алған. Оның айтуынша, ол ұтыстан алған пәтерінде тұрмайды.

    • Ғимаратқа әлі де құрылыс жүргізілуде, шамамен 1,5 жылдан кейін қолданысқа беріледі. Жалпы ауданы - 36 шаршы метр.

    Оспанқұловтың сөзінше, ол аталмыш компанияның үлескері болғандықтан ұтысқа қатысқан.

    Оның отбасы жеті адамнан тұратындықтан, келіншегі екеуі төрт бөлмелі пәтерді ипотека арқылы сатып алмақ болған. Қазіргі уақытта шенеунік отбасымен бірге туыстарының үйінде тұрады екен.

    "Біз де қарапайым отбасымыз. Бұл лоторея, мұнда тыйым жоқ... Пікір өте көп. Бәрі "міне жемқор, келісіп алған" деп ойлайды. Ондай ешнәрсе болған жоқ.
    Адамдарды әділетті болуға шақырамын. Қарапайым азаматтар ойнайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әзірге ешқандай наразылығы жоқ", - деді Ғабидолла Оспанқұлов

    Вице-министр пәтерді мұқтаж жандарға беру туралы сауалға да жауап берген.

    Оның айтуынша, ата-анасы ауылда 40 жыл жұмыс істеген қарапайым медицина қызметкерлері. Қазір ол жеті адамнан тұратын отбасының жалғыз асыраушысы.

    Оспанқұлов өзінің 600 мың теңге жалақы алатынын да жасырмады.

    "Менің бөлісе қоятын байлығым, артықшылығым жоқ. Сол себепті бұны да әрі қарай шығу үшін отбасыма Құдай берген. Көпшілік вице-министрдің мүмкіндігі бар деп ойлайды. Олай емес. Егер менің 2-3 пәтерім болса, біреуге сыйлауда мәселе болмас еді. Әзірге менің отбасым баспанаға зәру", -деді Оспанқұлов.

    Еске сала кетсек, бұған дейін мәжілісте лотереялар және лотерея қызметі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданғаны хабарланған.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Байлығым жоқ": Абаевтың орынбасары лотореядан пәтер ұтып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.