jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Карантин кезінде макияжсыз селфи жасаған әйгілі жұлдыздар жанкүйерлерін таңғалдырды

    : UGC

    Коронавирустық пандемия адамды өзін-өзі оқшаулауға мәжбүр етеді. Тіпті, әлемге әйгілі жұлдыздардың өзі карантин режимін сақтауға міндетті. Олар енді сыртқа шығудың қажеті жоқ болғандықтан, көпшілігі макияждан бас тартты. KAZ.NUR.KZ танымал тұлғалардың бет бояуынсыз түскен суреттерін ұсынады.

    Карантин кезінде макияжсыз селфи жасаған әйгілі жұлдыздар жұртты таңғалдырды
    Фото: instagram.com/nina, instagram.com/katyperry: UGC

    Миллиондаған жанкүйерлері бар әншілер, актрисалар мен модельдер өздерінің табиғи сұлулығын көрсете отырып, макияжсыз түскен селфиларын желіге жаппай сала бастады.

    Зои Кравиц үй жануарымен түскен суретін жариялады. Ол үшін, әрине, үй иесінің макияжбен жүрген-жүрмегені маңызды емес.

    Кейли Куоко әріптесін қолдап, итімен бірге суретке түсті. Карантинге дейін оның сырт келбеті өзгеше болды.

    Дакота Фаннинг оқырмандарына дене қызуын өлшеу тәсілдерін көрсетті және оларды үйде болуға шақырды.

    Сиара макияжсыз бірнеше қысқа видеоларды жариялады, олардың біреуі Расселл Уилсонмен некелескеніне бес жыл болғанына арналды.

    Табиғи сұлулыққа деген трендті Кэти Перри де қолдады. Ол сондай-ақ оқшаулану кезінде оның түр әлпетінің қалай өзгеріске ұшырағанын көрсетуді шешті.

    "Өмірге арналған карантин". Актриса Нина Добрев өзінің итпен түскен селфиіне осылайша атау қойды. АҚШ-тағы коронавирус туралы соңғы есептерге сүйенсек, оған жақында макияж қажет емес.

    Әнші Кеша өзін-өзі оқшаулау кезінде сыртқа шыққанымен, өзін папараццилер макияжсыз жүрген жерінен ұстап алады деп қорықпайды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Карантин кезінде макияжсыз селфи жасаған әйгілі жұлдыздар жанкүйерлерін таңғалдырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.