jitsu gif
Шоубиз

    Әнші Шахизаданың ағасы коронавирустан көз жұмды

    : Instagram

    Отандық танымал әнші Шахизада Байбатшаеваның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Эстрада жұлдызының Сағатбек есімді ағасы өмірден өтті. Ол күллі әлемді дүрліктірген коронавирус инфекциясынан көз жұмғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Ibstagram/shahizada.art
    Фото: Ibstagram/shahizada.art: Instagram

    Ағасының қазасы жайлы қаралы хабарды Шахизаданың өзі әлеуметтік желі көмегімен жеткізді. Қайғыдан қан жұтқан әнші бауырына жантебірентерлік жазба арнап, онымен түскен суретімен бөлісті.

    Оған қоса, өнер иесі аты жаман ауруды ойлап тапқандарды қарғап тастады.

    "Иманды бол аңкылдаған Сағатбек ағатайым менің. Алдынан жарылқасын жаның жәннәтта болсын! Алла өз панасына алсын. Қош бол бауырым. Каронавирусты ойлап тапқан адамдардын Алла жазасын берсін" , - деп жазды ол.

    KAZ.NUR.KZ редакциясы Шахизада Байбатшаеваның қайғысына ортақтасып, орны толмас қазаға байланысты көңіл айтады.

    Айта кетейік, коронавирус індеті бүгінде ешкімді аяп жатқан жоқ. Қауіпті инфекция салдарынан белгілі дизайнер Берік Ысмайылов та көз жұмған болатын.

    Кеше ауыр дерттен "Терісқақпай" театрының актері Дархан Дайырбектің де қайтыс болды.

    Оған қоса, белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанның нағашы апасы да коронавирустан айығып шыға алмай, өмірден озды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.