jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ашық әрі өнерлі": Гүлмира Дайрабаева вайнер ұлына қандай жар керек екенін айтты (видео)

    : Twitter

    Отандық танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева тұңғышына жар іздеп әлек болуда. Баласын үйлендіргісі келіп жүрген ақпарат өкілі болашақ келініне қояр талаптары да айтарлықтай көп емес екенін айтты. Ол бастысы ашық әрі өнерлі ару болса жеткілікті деп отыр. Журналист вайнер ұлына өзі секілді талантты қыз кезіккенін қалайды деп жазады KAZ.NUR.KZ Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап.

    Фото: Instagram/gulmira_dairabaeva
    Фото: Instagram/gulmira_dairabaeva: Twitter

    Гүлмира Дайрабаева қалыңдық таңдауда ұлдарына толық еркіндік берген.

    Тележүргізуші перзенттері қандай аруды алып келсе де, қарсы келмейтінін айтты.

    "Негізі мен келінге көп талап қоймаймын. Мен сияқты ашық болсын. Мен сияқты өнерлі болсын. Талантты болса, оны тіпті құптаймын.
    Жалпы, Артур кімді қалайды, соны қабылдаймын. Менің жоспарым бойынша тойы 27 жасқа келгенінде болады деп армандап жүрмін. Одан бұрын болып қалса да көрерміз" , - деді Дайрабаева.

    Айта кетерлігі, белгілі журналистің тұңғышы Артур әлеуметтік желідегі Yuframe тобы арқасында қалың көпшілікке танылған болатын.

    Аталмыш ұжым әзіл ретіндегі видеоларды түсірумен айналысқан.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әнші Рано Ұмарова да жеке өміріне қатысты тың ақпаратпен бөлісіп, көпті таңғалдырды. Белгілі болғандай, өнер иесі жолдасымен ажырасып кеткен. Олардың ортақ бір ұлы бар.

    Оған қоса, еске сала кетейік, әнші кезінде тұрмысқа шығып, отбасы үшін шоу-бизнес саласынан түбегейлі кетіп қалған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.