jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тамара Асар: Той-томалақтарды, қаумалаған халқымды сағындым

    Тамара Асар
    Фото: Instagram/tamara_assar_official

    Отандық танымал әнші Тамара Асар той мен концерттерді аса қатты сағынғанын айтып, жанкүйерлеріне жан сырын ақтарды. Эстрада жұлдызы көпшілік алдында жарты жыл бойы өнер көрсетпеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тамара Асар той-томалақтар мен ауқымды шараларға толы карантинге дейінгі өміріне деген сағынышын әлеуметтік желі арқылы жеткізген. Өнер иесі Instagram парақшасында аса әсерлі жазба жариялап, қаумалаған көпшілік бас қосатын жиындардың алдағы уақытта қайтып келетініне сенім білдірді.

    "Тойды, концертті сағындым. Қаумалаған халқымды сағындым, жәйбіррахат жалпыңды сағындым. Осы кездерді маңдайға бұйыртқан Жаратқанға мың алғыс айттым. Сол кездер Қазақтың болашағына қайта бұйырса екен-деп қайта дәметіп, үміттің үкісін ұшырмай, санама тәтті қиялдай саялатып отырмын. Ал сіз үлкен той,концерттерді сағындыңыз ба" , - деп жазды Тамара Асар.

    Желі қолданушылары да әншінің пікіріне қосыла кетіп, думанды отырыстарды сағынғандарын жеткізді.

    "Тойды да, тойыңда салатын әніңді де сағындық АқТамараш", "Керемет күндер еді, осыншама уақытқа дейін көріспейміз деп кім ойлаған" , "Алаңсыз күндерімізді сағындық. Келешегіміз жаркын болсын" , "Иә, сағындық қазағымыздың той-думандарын" , " күндерге тезірек жетсек екен" , "Қазақтын тойы көп болсын. Ойнап кулгенге не жетсін" , - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, бұған дейін бірқатар әншілердің той-томалақтарға шығып, жұмысына кірісе бастағанын айтқан болатынбыз.

    Тамара Асар: Той-томалақтарды, қаумалаған халқымды сағындым

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.