jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Әйгілі түрік актері Нұрлан Қоянбаевқа сезімін білдірді

    Нұрлан Қоянбаев пен Қадыр Доғұлы далада
    Фото: Видеодан кадр

    Қазақстандық танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Ғаламтор кеңістігінде әйгілі түрік актері Қадыр Доғұлының оған өз сезімін білдіріп жатқан сәті тарап кетті. Отандық әзілкеш өзге елдің жұлдызына әйелі бар екенін айтып, оның бетін қайтарып тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желіні шулатқан видеода танымал түрік актрисасы Неслихан Атагүлдің жолдасы Нұрлан Қоянбаевқа оны жақсы көретінін айтады. Қазақстандық кинопродюсер өз кезегінде оған отбасылы екенін түсіндіріп, оның сезімін жауапсыз қалдырады.

    Бұл сәтте Қадыр Доғұлы да өзін ұстай алмай, қатты күліп жібереді. Белгілі болғандай, қос жұлдыз бейнежазбаны әзіл ретінде түсірген.

    Олардың қалжыңы барша желі қолданушыларының да көңілінен шыққан. Екі ер адамның ерекше диалогы қалың көпшілікті күлкіге қарық қылған.

    Оқырмандар қызу талқыланған видеодан қандай әсер алғандарын жарыса жазуда.

    "Қатырасыздар, шығармайтындарыңыз жоқ" , "Неслиханның күйеуінің бетін қайтарып тастағансың ғой" , "Әзілдеріңіз өтті маған, Неслихан жайына қалғаны ма?" , "Нұрлан аға кез келген ыңғайсыз жағдайдан сәтті шығуға шебер ғой", "Әйеліңіз марқайып қалған шығар. Қалжыңдарыңыз мықты. Күлкімді тыя алмадым. Басында шын көріп қалдым. Түрік актері күлмейінше сеніп қалған шығармын" , - деп жазуда халық.

    Еске сала кетейік, Нұрлан Қоянбаев қазіргі таңда Түркияда кезекті фильмін түсіріп жатыр. Стамбұлдағы жұмыс сапары барысында ол әйгілі түрік актрисасы Неслихан Атагүл мен оның жолдасы Қадыр Доғұлымен танысып, жақсы араласып кеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.