jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Айжұлдыз Адайбекова жолдасы екеуінің ерекше суреттерімен бөлісті

    Айжұлдыз Адайбекова жолдасының бетін тістеп тұр
    Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

    Жақында ғана отау көтеріп қалың көпшілікті таңғалдырған Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек желідегі оқырмандарына тағы да бір мәрте қуантты. Жанар Айжанованың қызы төрт жыл бойы жасырын кездесіп жүрген кезде сүйіктісімен түскен фотоларымен бөлісті. Ол суреттерді қос ғашық еш жерде жарияламаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында күйеуі Қыран Талапбек екеуінің төрт жылда түскен фотоларын жариялап, елді тәнті етті. Жеке өмірін үйлену тойына дейін жасырып келген ғашықтар жанкүйерлеріне енді ғана ашыла бастады.

    Олар ешкімге көрсетпей сақтап келген суреттерін отбасын құрғасын ғана ел назарына ұсынған.

    Қызығы, ұзақ уақыт бойы қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген Айжұлдыз бен Қыранның ортақ фотолары өте аз болып шықты. Адайбекованың айтуынша, төрт жылда олар небәрі оншақты суретке түскен.

    "Жәй ғана біз. Қызықты фактпен бөлісейін. Жолдасым екеуміз суретке түскенді аса жақсы көрмейміз. Төрт жылда менде күйеуіммен түскен бар-жоғы оншақты фотом бар. Бірақ, бәрі алда. Біз бұл қателікті ескеретін боламыз. Көбірек суретке түсеміз" , - деп жазды Жанар Айжанованың қызы.

    Желідегілер жас жұбайларға тамсана қарап, оларға деген өздерінің жылы лебіздерін жаудырды.

    "Сондай жарасымды жұпсыздар" , "Көз тоймайды екеуңізге, бақытты болыңыздар" , "Қуанышты күндеріңіз көп болсын" , "Осылай арасында әдемі суреттеріңізбен қуантып тұра беріңіз" , "Бақыт тыныштықты қалайды деген шын екен. Ешкімге жария салмай-ақ бақытты болдыңыздар" , - деп жазуда көпшілік.

    Айжұлдыз Адайбекова жолдасы екеуінің ерекше суреттерімен бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.