jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Төреғали Төреәлі Павлодарда болған дау-дамайдың қыр-сырын ашпақ

    Төреғали Төреәлі
    Фото: Instagram/toregalitoreali

    Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі кино түсірілімін қойып, енді өмірбаянын кітап ретінде жазып шығармақ. Әнші өнер жолында тап болған қиындықтары туралы бар шындықты айтып, Павлодарда орын алған шулы оқиғаның қыр-сырын алғаш рет өзі ашып береді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Төреғали Төреәлі өзінің қатысуымен болған жағымсыз оқиғаның халық назарынан тыс қалып қойған жайттарын енді ғана ақтармақ. Ол өмірбаянын жазып, онда алғаш рет Павлодарда қариямен орын алған дау-дамайға қатысты бар шындықты ашуға бекінген.

    Өнер иесі бұл ниеті туралы Алматы телеарнасының "Paparazzi" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты. Оған қоса, эстрада жұлдызы "Ұлы дала комедиясы" фильмінің жалғасы қашан түсірілетініне қатысты пікір білдірді.

    "Көрерменннің көз алдында орын алған жайттың қыр-сыры негізі ашылмай қалып кеткен еді. Солардың көбісі сол кітапта жазылады. Әлі жазылып жатыр. Оны қайтара басынан аяғына дейін оқып шығып, жөндейтін жерін жөндеп, кесіп-пішіп дайындап жатырмыз. Бұйыртса бәрі тәуелсіздіктің отыз жылдығына қарай шығып қалатын сияқты.
    Ал енді фильмнің жалғасына келетін болсақ. Өкінішке қарай дейін десем, өкініш қарайласпайды. Өкінішке орай дейін десем, өкініш орайласпайды. Бәрі Алла қалауымен. Біздің сценарий Алматы-Гонконг деп жазылған болатын. Гонконг әзірге ашылмай тұр. Соны күтетін шығармыз. Болмаса, басқа фильм түсіру керек. "Ұлы дала комедиясының" жалғасы кішкене күттіріп тұр" , - деп ағынан жарылды Төреғали.

    Төреғали Төреәлінің сұхбатының үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

    Төреғали Төреәлі Павлодарда болған дау-дамайдың қыр-сырын ашпақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.