jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Жұмақта жүргендеймін": Қайын атасымен көңіл қосқан келін өз шындығын айтты

    Қайын атасы мен келіні
    Фото: Видеодан кадр

    Түркістанда қайын атасымен сегіз жыл төсектес болған келіннің сұмдық оқиғасы барша қазақстандықтарды дүр сілкіндіріп, бірден қызу талқыға түсті. Қалың көпшілік оларды аяусыз сынның астына алып жатыр. Алайда, келіншек бұл тұрғыда ел қарғысы орынсыз екенін айтты. Ол халық арасында шу тудырған оқиғаға қатысты өз шындығын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әсия Қошқарова жолдасының өзіне жиі қол көтергенін айтып, олардың жанұясы онсыз да шайқалуға аз қалғанын жеткізді. Жас келіннің сөзінше, күйеуі мен енесі тарапынан оның көрмеген қорлығы жоқ. Оны тек қана қайын атасы түсініп, оған қамқор болуға тырысқан.

    Бүгінде Әсия Қошқарованың жолдасының әкесімен бөлек шығып кеткеніне төрт ай өткен. "Қос ғашық" бұрынғы үйдегідей айқай-ұрыссыз, бақытты өмір сүріп жатқандарын айтты. Жас келін өзінің екі баласымен қайын атасымен бірге тұрып жатыр.

    Ол "Астарлы ақиқат" бағдарламасына арнайы сұхбат беріп, қазіргі жағдайымен бөлісті. Келіншек бүгінгі күні өзін жұмақта жүргендей сезінетінін жасырмады. Оның үстіне, ол қайын атасының табанын сүйіп өтуге дайын екенін айтты.

    "Бұрынғы өмірім тозақ болған. Сегіз-тоғыз жылдай тозақта болғандай сезіндім. Қазіргі таңда жәннатқа кіргендей, жұмақта жүрмін. Енді өмірімнің соңына, ақырға шейін рахметімді айтып, табанын жалауға дайынмын" , - деді Әсия Қошқарова.

    Айта кетейік, бұған дейін Түркістан қайын атасымен 8 жыл бойы төсектес болған келіннің күйеуін тастап кеткенін жазған болатынбыз. Гүлнар Ерметова отбасында орын алған сұмдық жағдаймен барша қазақстандықтармен бөлісіп, оны егжейлі-тегжейлі айтып берді.

    "Жұмақта жүргендеймін": Қайын атасымен көңіл қосқан келін өз шындығын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.