jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Құдайберген ыдыс жуып жүрген Қызылорда аруына қандай көмек көрсетті

    Фото
    Фото: facebook.com/KudaibergenKairat

    Отандық танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген дәмханада ыдыс жуып жүрген Қызылорда аруына қатысты пікір білдірді. Ол Гүлнұр Нұртаза көптеген қыздарға үлгі екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Құдайберген ыдыс жуып, табыс тауып жүрген қызылордалық ару жайлы өз ойын "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтты. Белгілі кәсіпкер оған қатысты жаңалықты естіген бойда, оны Алматыға арнайы шақырған болып шықты.

    Ол бүгінде Гүлнұр Нұртазаға қандай көмек көрсетіп жатқанын жеткізді.

    "Менің ойымша, адамға алдымен материалдық тұрғыда көмектесу керек емес. Себебі, адамға балық берсең, балықты жейді да, тағы да балық сұрайды.Оған қармақ беру керек. Менің ойымша, осылай ыдыс жуып, асханада жұмысын істеп, өзінің керекті тамағы, киімі алып жүрген қыздар көпшілікке үлгі болу керек. Гүлнұрдың продюсері болу ойымда да жоқ. Мен тек өсиет пен кеңес беруші аға ретінде бола аламын" , - деді Қайрат Құдайберген.

    Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бас хитмені Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова желіде Гүлнұр Нұртазаға өз қолдауын білдірген болатын. Ол адал еңбектеніп жүрген аруға тәнті болып, оған жылы лебізін жеткізді.

    Еске сала кетейік, желіде "Қызылорда аруы" атанған бойжеткеннің дәмханада ыдыс жуып жүрген видеосы тарап, елдің қызу талқысына түскен еді.

    Қайрат Құдайберген ыдыс жуып жүрген Қызылорда аруына қандай көмек көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.