jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Украина ресейлік танымал 23 әншіге қатысты қылмыстық іс қозғады

    лепс
    Фото: spiritofrock.ru

    Украина прокуратурасы Қырым көпірінің ашылу салтанатына қатысқан ресейлік 23 әншіге қарсы қылмыстық іс қозғады. Оларға Украинаның түбегіне заңсыз кірді деген айып тағылған деп жазады Centralasian.org.

    Прокуратура әншілердің аты-жөнін жарияламады. Бірақ Strana.ua басылымы концертке қатысқандардың арасында Григорий Лепс, Пелагея, Александр Маршал, Денис Майданов, Ольга Кормухина, Александр Буйнов, Дима Билан, Олег Газманов, Валерия, Жасмин, Дмитрий Харатьян, Алёна Свиридова, "Градусы" тобы бар екенін жариялады.

    Айта кетерлігі, Ресей билігі Украинаны айналып өтетін көпір салу жоспарын 2014 жылы Қырымды аннекциялағаннан кейін жариялаған еді. Көліктер жүретін көпір құрылысы 2018 жылдың мамырында, темір жол көпірінің құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында аяқталған.

    Еуропалық одақ Қырым көпірін құруға атсалысқан бірнеше компанияға санкция салған. Олардың арасында Ресей президенті Владимир Путиннің досы Аркадий Ротенбергке тиесілі "Стройгазмонтаж" компаниясы да бар.

    Centralasian.org жазуынша, Ресей Украинадағы Қырым түбегін 2014 жылдың жазында күштеп тартып алған. Халықаралық ұйымдардың басым бөлігі Қырымды Укриана аймағы деп есептейді.

    Мәскеу 2014 жылдың сәуірінен бері 13 мың адамның өмірін алған Украинадағы Қырым және Донбасс жанжалында сепаратистерді қолдап келеді.

    Украина ресейлік танымал 23 әншіге қатысты қылмыстық іс қозғады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.