jitsu gif
Шоубиз

    Иманбек шетелдік жұлдыздармен тағы да жаңа трек жазды

    Иманбек Зейкенов
    Иманбек Зейкенов. Фото: instagram.com/imanbek_zeikenov_m_grammy

    "Грэмми" жүлдесін жеңген алғашқы қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов жұма күні су жаңа туындысы жарыққа шығатынын жария етті. Бұл жолы ақсулық талант София Рейес пен Шон Полмен бірлесіп ән жазған. Өлең Dancing On Dangerous деп аталады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандағы жалғыз "Грэммидің" иегері Иманбек Зейкенов бұл жаңалығын Instagram желісінде хабарлап, барша тыңдармандарын қуантты.

    "Осы жұмада жаңа туындымыз жарыққа шығады. Күтудесіздер ме? Dancing On Dangerous. Шон Пол мен София Рейеспен бірге" , - деп жазды ол.

    Иманбектің жаңа туындысын асыға күткен көпшілік оған өз жылы лебіздерін білдірген.

    "Шон Пол өте мықты әнші. Бұл отандасымыздың деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп тұр" , "Күтуге асықпын. Қазірдің өзінде бұл туындыны тыңдап көргім келіп жатыр" , "Бүкіл әлем күтіп отыр" , "Өте қатты күтіп жатырмыз" , "Жақында сенімен бірлесіп туынды шығармайтын жұлдыз қалмайды" , - деп жазды желі қолданушылары.

    Айта кетейік, Шон Пол - ямайкалық дэнсхолл-орындаушы. Ол үздік регги-альбомы үшін "Грэмми" алған болатын. 2003 жылы Шон Пол әлем бойынша радиостанцияларда әні ең көп қойылатын жұлдыздар қатарында болды.

    София Рейес - мексикалық-америкалық әнші. Өнер иесі поп, латино, поп-рок, кантри, R&B жанрларында ән салады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.