jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    53 жасқа толған Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен ерекше құттықтады (фото, видео)

    Гүлзира Айдарбекова құрбыларымен бірге
    Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

    Бүгін, 12 сәуір күні отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың туған күні. Қайрат Нұртастың анасы 53 жасқа толды. Шоу-бизнес өкілінің құрбылары алғашқылардың бірі болып құттықтап, оған естен кетпес тосын сый ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Гүлзира Айдарбекова жақындарының өзін туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Продюсер бақытты сәтінен фото мен видео жариялап, көпшілікті қуантты.

    Бейнежазбадан Қайрат Нұртастың анасын түнгі сағат он екіден кейін құттықтауға құрбылары келгенін көруге болады. Олар туған күн иесін гүл шоқтары мен сыйлықтарға көмкеріп, өз ақ тілектерін айтқан.

    Айдарбекованың құрбылары гүлдер мен шарлармен оның үйіне кіріп келіп, ойламаған жерден тосын сый жасаған. Олардың бұл әрекеті продюсерді қатты қуантып, оған ерекше көңіл күй сыйлаған.

    Сонымен қатар, шоу-бизнес өкілі кенже баласы Заңғардың қуттықтауын да ел назарына ұсынды. Ол анасына деген тілегін жолдап, достарымен бірге ән арнады.

    Желі қолданушылары да көпшілікке қосылып, туған күн иесін жаңа жасымен құттықтап, өз жылы лебіздерін білдірген.

    "Жаңа жасыңызбен. Көп жасаңыз. Алар асуларыңыз көп болсын" , "Бақытты болыңыз. Балаларыңыздың қызығын көре беріңіз" , "Жаңа жасыңыз жақсылығымен келсін" , "Немерелеріңіз көбейе берсін" , "Ғарышкерлер күні дүниеге келіпсіз ғой. Бар жақсылықты тілеймін", "Бастысы деніңіз сау болсын. Қалғаны болады", - деп жазуда желідегілер.
    53 жасқа толған Гүлзира Айдарбекованы туған күнімен ерекше құттықтады (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.