jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Көздері мұңға толы": Ақбота Сейітмағамбеттің жаңа фотосы көпшілікті алаңдатты

    Ақбота Сейітмағамбет
    Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

    Ақбота Сейітмағамбет жолдасы Дәурен Айдарқұловпен ажырасып кеткеннен кейін бірден жұмысына кірісіп, белсенді өмір сүруде. Шоу-бизнес өкілі киноға түсіп, жаңа әндер жазып, образдарын өзгертіп, саяхаттап жүр. Алайда, кейбір желі қолданушылары бақытты болып көрінген әртістің шын мәнінде іштей қатты қайғырып жүргенін болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қалың көпшіліктің бұлай ойлауына Ақбота Сейітмағамбеттің Instagram желісіндегі соңғы суреті себеп болған. Олар актрисаның көздерінен мұңды байқап қалып, оны сұрақтың астына алған.

    "Сен әр адам үшін әр түрлісің. Мен өзгеріп, барынша жан-жақты дамығым келеді. Маған түрлі сабақ пен өзгеріс сыйлаған өмірге алғысым шексіз" , - деп жазды әнші.

    Желідегілер Ақботаның бұл жазбасынан кейін ол үшін алаңдап, өз қолдауын білдірген.

    "Мына сөздері көздері секілді мұңға толы екен" , "Өмір бәрімізді үйретеді" , "Бастысы өзіңізді бақытты сезінсеңіз болғаны" , "Әркез мықты болыңыз. Сіз соған лайықсыз" , "Сен бақытты болуға лайықтысың. Әлі де сені бағалайтын жігітті жолықтыратын боласың" , - деп жазды халық.

    Ал кейбір оқырмандар өнер иесінің сұлу келбетіне тәнті болып, өз жылы лебіздерін жаудырды.

    "Өте сұлусыз. Қазақстандағы ең көрікті арулардың бірі", "Кереметсіз" , "Неткен сұлулық" , - деп жазды желі қолданушылары.

    "Көздері мұңға толы": Ақбота Сейітмағамбеттің жаңа фотосы көпшілікті алаңдатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.