jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың бесінші перзенті дүниеге келді

    Қанат Әлжаппаров
    Фото: Instagram/alzhapbarov

    Отандық танымал актер әрі әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің бесінші перзенті дүние есігін ашты. Әртістің әйелі оған қыз бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қуанышты жаңалықпен актердің өнердегі әріптесі Қайрат Әділгерей бөлісті. Әзілкеш өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде арнайы видео жариялап, досының қызды болғанын хабарлады.

    "Құрметті достар, сүйінші! Театрымыздың белді актері Қанатжанның әйелі кеше ғана босанып, бесінші перзент қыз бала дүниеге келіп жатыр. Қанатжан құтты болсын. Ғұмыры ұзақ болсын, денсаулығы мықты болсын. Осылай көз қуанышың болып жүре берсін. Жанұяға бақыт-береке тілеймін. Саған шығармашылық табыс тілеймін. Бар жақсылықты тіледім. Ата-анаң мен жақындарың аман болсын", - деді Қайрат Әділгерей.

    Желі қолданушылары әзілкешті бірден құттықтап, дүние есігін енді ғана ашқан сәбиге өз ақ тілектерін жолдады.

    Бақыттан басы айналған әке парақшасында өзін құттықтаған көпшілікке алғыс айтты.

    Әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың бесінші перзенті дүниеге келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.