jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бәріне ұнау мүмкін емес": Жақында ажырасқан Әсел Асқар әсерлі жазба жариялады

    Әсел Асқар
    Фото: Instagram/assel.askar

    Отандық танымал актриса Әсел Асқар екінші күйеуімен айырылысқан соң, желіде өміріндегі сынақтар мен сабақтар жайында сөз қозғады. Өнер иесі тағдырдың кез келген соққысын қабылдауға еті үйреніп қалғанын жасырмады. Ол түрлі қиындықтарға қарамастан өмір сүруді жалғастыра білу керектігін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әсел Асқар әсерлі жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен.

    "Өмірімде қандай қиындықтар мен ауыр жағдайлар орын алмасын, мен өзіиді ешқашан сатпаймын. Бізге тек біз төтеп бере алатын, еңсере алатын сынақтар беріледі. Олардан абыроймен өту немес өтпеу жағы бір өзімізге байланысты болып келеді. Ар-намысты жоғалтпай, өз қағидаларымызға адал болып, күллі әлемді жек көріп кетпей, махаббатқа деген сенімнен айырылып қалмауымыз қажет", - деп жазды актриса.

    Өнер иесі тағдырдың кез келген соққысынан өзі үшін маңызды сабақ алуға тырысатынын айтты. Ол әркімге ұнай беруге міндетті емес екенін алға тартты.

    "Мен барлығына ұнайтындай жүз доллар емеспін. Біріншіден, мен тірі жанмын. Егер мен бір жерден шылынып қалсам, бұған ойықты кінәламаймын. Мен үстімді қағып, ары қарай жүруді жалғастыра беремін. Бұдан да ауыр жағайды басымнан өткергенмін. Біріншіден, мен әйелмін. Егер, жаратушы мені солай жаратса, демек маған белгілі бір күш берген. Ал әйелдің күші неде? Оның эмоциясында, қалауында, ақылында, даусында, сұлулығында. Бұл ресуртар менде бар. Енді оларды бар болғаны дұрыс бағытта қолдану ғана қалды", - деп жазды ол.

    "Бәріне ұнау мүмкін емес": Жақында ажырасқан Әсел Асқар әсерлі жазба жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.