jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Аман болсын": Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуін кешіргенін айтты

    Айжұлдыз Адайбекова
    Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

    Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова соңғы бір жылда өмірінде орын алған ауыр жағдайлармен бөлісіп, көпшілікке өз жан сырын ақтарды. Өнер иесі тіпті бұрынғы жолдасы Қыран Талапбекке деген өшпенділігі жоқ екенін айтып, оны кешіргенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айжұлдыз Адайбекова жүктілігінің басында өзі тап болған түрлі қиындықтар туралы Instagram парақшасында сыр шертті.

    Дизайнер ару қиналған сәттерін қайта есіне алып, өз оқырмандарымен бөлісті.

    "Бұл суретте халім нашар. Отбасылық өмірде де, қаржылық жағдайым да! Оның үстіне, дәрігер де түсік тастау қаупі жоғары екенін айтты. Бірақ мен камераға қарап, күліп тұрмын. Вебинар түсіріп, көңілімді басқа нәрсеге бұрып жүрмін. Ештеңе қарамастан, күндіз-түні жұмыс істеп жүрген кезім. Дәл ара сияқты. Кейде шаршап, жылаймын. Бірақ күшімді жинап, сеніп, алға қарай қадам басамын”, – деп жазды Айжұлдыз.
    Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
    Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

    Адайбекованың сөзінше, жүктілігі кезінде оны токсикоз қатты мазалаған. Алайда, ең қауіпті сәт кейінірек орын алған. Актриса тоғызыншы айында ауыр оталар жасатуға мәжбүр болған.

    "Жүктіліктің 9-айында аппендицит. Дәрігер "не операция, немесе бұл соңы" деді. Осы сәтте өмірімнің мәнін жоғалтқандай болдым. Сонда да берілмедім, қатты қорықсам да келістім. Үш аптадан кейін тағы операция. Елестетіп көрші, ішіңде 9 айлық бала, ал сенің ағзаң қалыпқа келіп үлгермеген. Жасыратын несі бар. Осы 10 айда басымнан өтпегені жоқ. Бәрін бар қалпында қабылдадым. Жібердім, кешірдім. Дана бола түстім, есейдім" , – деді Айжұлдыз.
    Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
    Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

    Сонымен қатар, Жанар Айжанованың қызы экс-күйеуіне қатысты сұрақтарға да жауап берді. Ол Қыран Талапбекті кешіргенін айтып, оған өмірде сәттілік тіледі.

    "Оны баяғыда кешірдім. Сәттілік тілеймін. Өсе бер, құс! Өте көп хайп болды, бірақ бойымда негатив қалған жоқ. Қазақтың баласы! Аман болсын. Бұл өмір. Сондықтан оның парақшасынан шығып кетпей, керісінше қолдаңыздар" , – деді ол.

    "Аман болсын": Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуін кешіргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.