jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Мақпал Исабекова өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанын мойындады

    Макпал
    Мақпал Исабекова сүйіктісімен. Фото: instagram.com/p/CRT1TzTsuJE/

    Жуырда ғана тұрмысқа шығып, жұртқа жақсы жаңалығын жеткізген Мақпал Исабекова сүйіктісінің өзге ұлт өкілі екенін растады. Жеке өмірі туралы тіс жармайтын өнер иесі бұл жолы көптің сынына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін желіге некелесу рәсімінен суреттерін салған Мақпал өзінің таңдауы түскен жігіттің кім екенін көрсетпеген болатын. Сүйіктісінің жүзін жұрттан жасырған әншінің тыңдармандары оның өзге ұлт өкілінен екенін жарыса жазған болатын. Бұл ретте әнші де үнсіз қалуды жөн санамай, желіге ашығын жазды.

    "Менің ата-анам екі түрлі ұлттың өкілі. Әкем - қазақ, анам - ұйғыр қызы. Екі ұлттың қызымын. Бұл мен үшін ұялатын емес, керісінше, мақтанатын жайт. Өзгелерді ұлттық көзқарастар тұрғысынан бағалайтындарды ешқашан түсінбеймін. Барлығымыз жер бетінде өмір сүреміз, бөлісетін де ешнәрсеміз жоқ . Барлығымыздың қанымыз қызыл түсті, ал жүрегіміз бірдей ауырып, бірдей сүйеді.

    Мен бойында бірнеше ұлттың қаны бар адамды сүйіп қалдым. Мен оның көзінің үлкен-кiшілігін емес, жанын сүйдім. Бірақ, шыны керек, бұл маған қараған ең әдемі көздер. Мен үшін бұл көзқарас өте ыстық.

    Күйеуімді "көз тиеді" деп немесе қызғанғандықтан көрсетпей отырған жоқпын. Ол өзі көрсеткенімді қаламайды және қызметіне бола", - деп жазды әнші өзінің желідегі парақшасына.

    Мақпал Исабекова өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанын мойындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.