jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақ тіліне ғашық болған 14 жастағы америкалық қыз туралы не білеміз

    Айбала
    Фото: Instagram / kidpolyglot

    АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын 14 жастағы Кэмерон есімді жасөспірім қазақ тіліне тәнті болып, тілді меңгеру үшін барын салып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Жеткіншектің Instagram желісіндегі парақшасы қазақ тілін үйрену сәтінен видеоларға толы. Ол қазақ тіліне 2019 жылдан бастап ерекше қызығушылық танытып, Раушан есімді ұстазынан сабақ алған екен.

    Ал бүгінде тілді өз бетінше үйренуді жалғастырып жатқан Кэмерон өзіне тіпті қазақша есім де ойлап тауыпты - Кэмерон өзін Айбала Құдайбергенқызы деп таныстырады.

    Ол желі қолданушыларына қазақ тілін үйренуге барынша көмектесіп жүр. Айбала "Азаттық радиосына" берген сұхбатында қазақ тіліндегі ең ұнататын сөзі "әдемі" және "қыз бала" екендігін алға тартты.

    26 тілді үйреніп жүрген жасөспірімнің қазақ тіліне деген махаббаты ерекше. Ол тілден бөлек, қазақ дәстүрі мен өнеріне де қызығушылық танытып, қазақ әншілері қатарынан Жазира Байырбекова оның парақшасына жазылғанына ерекше қуанғанын сөз етті.

    Одан бөлек, Айбала Айнұр Тұрсынбаевамен, Камилла Серікбаймен, Димаш Құдайбергенмен және The Yolo House өкілдерімен кездесуді армандайтынын жасырмады.

    Еске салсақ, бұған дейін 26 жыл бұрын Германияға көшіп кетсе де, қазақ тілін ұмытпаған неміс ұлтының өкіліне ел сүйсінгенін жазған едік. Еуропада жүрген қырғыз азаматы қариямен қазақша тілдескен сәтін видеоға түсіріп алған.

    Қазақ тіліне ғашық болған 14 жастағы америкалық қыз туралы не білеміз

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.