jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Түркияда өткен ұлан-асыр тойда Шахизада 85 жастағы ақсақалмен биді жандырды (видео)

    Шахизада
    Шахизада. Скриншот: instagram.com/shahizada.art

    Танымал эстрада әншісі Шахизада Түркиядағы қазақтардың үйлену тойына қатысты. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жүрген қазақтардың басын қосқан бұл жиында әнші 85 жастағы той иесімен қара жорға биін биледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әнші Түркиядағы қандастардың тойына барғаны жайлы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    "Қазақтың сөзі бар "шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма, шақырғанға зар боласың" деген. Міне, тағы тойға келдік. Қара жорға биінің арыстаны - Арыстан атамыздың Стамбулдағы немересінің үйлену тойының жалғасы. Бұл тойға дүние жүзінен келген қазақтар жиналды. Той тойға ұлассын!", - деп жазды ол.

    Ал видеон көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырды.

    Бірі шетелде жүрген әншіні сынап, пікір қалдырса, енді бірі ақсақалдың әлі де тың екенін айтып, қайран қалды.

    Айта кетейік, өткен аптада әншілер Алакөл демалушыларына арнап концерт берген болатын.

    Нұрболат Абдуллин мен Қайрат Нұртас бастаған бір топ әнші кезек-кезек демалыс орындарының бірінде мәдени іс-шараларда өз өнерін көрсеткен.

    Сәйкесінше, желідегі оқырмандар олардың бұл әрекетіне түрлі баға берген.

    Әсіресе жиналушылардың сақтық шаралары мен арақашықтықты сақтамауы жұрттың ашуына тиген. Десе де, мұндай шараларды сағынғанын айтып, әншілерді қолдап шыққан оқырмандар да аз болған жоқ.

    "Осындай концерттерді сағындық қой. Тезірек, мына вирустан құтылсақ екен", - деп жазған желі қолданушыларының бірі.

    Түркияда өткен ұлан-асыр тойда Шахизада 85 жастағы ақсақалмен биді жандырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.