jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Көңіл аудармадым": Жахан Отарғалиев бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты

    Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев
    Фото: instagram/bidash_official

    Отандық танымал актер әрі әзілкеш Жахан Отарғалиев сәтсіз некесі туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жахан Отарғалиев жеке өмірінің құпияларымен "Шучу" подкасында бөлісті. Ол бірінші келіншегімен ажырасуына не түрткі болғанын түсіндірді.

    "Отбасын құрып, ажырастым. Ажырасуымның ең негізгі себебі, жұмыс, анау-мынау деп, отбасыма жеткілікті дәрежеде көңіл аудармадым. "Аузы күйген үрлеп ішеді" дейді. Екінші рет кәдімгідей үрлеп жүрмін. Барынша көңіл бөлуге тырысамын. Жиі хабарласып тұрамын", – деп ағынан жарылды актер.

    Сонымен қатар, өнер иесі сәтсіз некесінен кейін не себепті ұзақ уақыт үйленбей жүргенін де айтты. Отарғалиев "өз махаббатын" күткен.

    "Ешкімді ұнатпадым, тартпады. Сондай адам іздедім. Жасым 35-ке келсе де, махаббатпен үйленгім келді. Сол сәтті күттім" , - деді ол.

    Айта кетейік, киножұлдыз 35 жасында "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидашпен шаңырақ көтерді. Жас жұбайлар каратиндік шараларға байланысты үлкен той жасамай, некелерін мешітте қидырған.

    "Көңіл аудармадым": Жахан Отарғалиев бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.