jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Шешінбей-ақ шок қыламын": Ерке Есмахан ерекше стилімен елді өзіне қаратты

    Ерке Есмахан
    Фото: Instagram/erke_esmahan

    Отандық танымал әнші Ерке Есмахан айрықша стильдегі образымен көзге түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ерке Есмахан Instagram парақшасында өзгеше стилін тағы да паш етті. Бұл жолы өнер иесі қара және сары түсті киімдерді үйлестіріп киіп алған.

    "Менің шешінбей-ақ шок қылатыным бар енді! Трансформация!" - деп жазба қалдырды ол.

    Бүгінде әнші сүйіктісі Азамат Зенкаевпен бірге Мәскеуге аттанған. Олар кезекті сапарының қызықтарын әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісуде.

    Айта кетерлігі, желі қолданушылары Зенкаевпен кездесе бастағалы Еркенің стилі айтарлықтай өзгеріске ұшырағанын байқаған. Әнші заманауи трендтерге сай киіне бастаған көрінеді.

    "Азаматпен кездескелі бері стиліңіз жақсы жаққа қарай өзгеріп келеді", "Уау", "Супер", "Осыдан кейін Эйзиге қалай ренжисің, мен де ғашық болып қалдым", "Шешінбей-ақ қойыңыз. Не деген сұлулық", "От", "Дұрыс, шешінудің қажеті жоқ. Осылай-ақ таңғалдыруға болады", "Жарайсың Ерке, бұл сөздерің көптеген әріптестеріңе сабақ болса екен", - деп жазды көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.