jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Айтылмаған бір әнім бар": Нұрлан Өнербаевтың 60 жас мерейтойына қазақ әншілері тегіс жиналды (фото, видео)

    Нұрлан Өнербаев
    Нұрлан Өнербаев пен Мейрамбек Бесбаев: instagram.com/m_besbaev/

    Қазақ эстрадасының жұлдызы Нұрлан Өнербаев қараша айының басында 60 жасқа толды. Атаулы мерейтойына орай өнер иесі "Астана" концерт залында мерекелік кешін ұйымдастырып, артынша дүбірлі той мейрамханада жалғасын тапты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақ ән өнерінің майталманының қуанышына отандық эстрада жұлдыздарының дені қатысқан. Олардың қатарында Сәкен Майғалиев, Қанат пен Света Айтбаевалар, Ұлықпан Жолдасов, Досхан Жолжақсынов, Рухия Байдүкенова және тағы да басқа жұлдыздар болған. Мерекелік кеш "Айтылмаған бір әнім бар" деген атаумен өтті.

    Аға буын өкілінің мерейтойына келген әншілер қауымы ізгі тілектерін айтып, ән өнерінде жастарға үлгі бола білген Өнербаевтың тұлғалық қасиеттеріне тоқталған.

    "Қадірлі Нұрлан аға, сіз бүтін бір дәуірді есті әнмен әлдилеп өсірдіңіз. Артыңыздағы біз секілді өнер қуған інілерге үлгі болдыңыз. Бүгін сол бекзада қалпыңызды бұзбай 60 жастың төріне шықтыңыз. Сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір қазақ сіздің адамдығыңыздан, өнерге деген адалдығыңыздан үлгі алса екен. Сіздер де құттықтап қойыңыздар", - деп жазды оның өнердегі інісі Мейрамбек Бесбаев желідегі парақшасында.

    Ал Сәкен Майғазиев болса, әкесінің мерейін асқақтаып отырған Өнербаевтың екі ұлы - Мақсат пен Марқұланға алғысын жаудырып, жылы лебізін білдірді.

    "Айтылмаған бір әнім бар": Нұрлан Өнербаевтың 60 жас мерейтойына қазақ әншілері тегіс жиналды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.