jitsu gif
Шоубиз

    Жанар Дұғалова Дубайда қалай демалып жатқанын көрсетті (фото)

    Жанар Дұғалова
    Фото: Instagram/zhanar_dugalova

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жанар Дұғалова Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кетті. Бүгінде өнер иесі демалысын Дубай қаласында өткізуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Шоу-бизнес жұлдызының шетел асып кеткені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Дұғалова Дубайда қалай уақыт өткізіп жатқанын оқырмандарына көрсеткен.

    Өнер иесі жариялаған кадрлардан ол Біріккен Араб Әмірліктеріне тек демалуға ғана емес, жұмыс бабымен де барған көрінеді. Суреттердің бірінде әншінің белгілі бір мерекелік шарада жүргенін байқауға болады.

    Желі қолданушылары Жанар Дұғаловаға жақсы демалыс тіледі.

    "Кешкі Дубайда суретке түскен Жанарға көз тоймайды", "Жақсы демалыс болсын. Елге аман-есен оралыңыз", "Қандай күшті. Дубайға жетер жер жоқ шығар", "Бізге де осындай демалысын бұйырсын", - деп жазды көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.