Анасын бейнебаянға түсірген Сәдуақасова ел жүрегін елжіретті (видео)
Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова "Мама" атты әніне түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті. Аталмыш клипте әншімен бірге анасы да бой көрсеткен. Желідегілер анасы мен қызына тәнті болып, оларға өз жылы лебіздерін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі су жаңа туындысын жарыққа шығарғанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, бұл бейнебаянда актерлар мүлдем түспеген. Барлығы шын өмірдегі аналар мен балалар.
"Мама" әніне клип түсірілді. Сара Жүнісбектің әні көп тыңдарманға ұнап, өте жылы қабылданды. Клипте актерлар жоқ , өмірдегі мамалар мен балалары. Қанша есейсең де, анаң үшін әрқашан кішкентай, ерке бала болып қала бересің. Әмина апа үшін балалар үйіндегі тәрбиеленіп жатқан әр бала, өз баласы, ал сол балалар қажы апаны өзінің анасы деп қабылдайды. Клипке түскен барлық жандарға алғысымыз шексіз", - деп жазды Сәдуақасова.
Желі қолданушылары әртістің жаңа бейнебаянын жылы қабылдап, оған қатысты өз пікірлерін жаудырды. Олар әншінің клипке өз анасын түсіргеніне тәнті болған.
"Керемет клип! Мадина жылаттыңыз ғой! Өзіміздің анамыз жоқ болғасын, көңіліміз қатты босап кетті!", "Өте нәзік ән", "Әсерлі ән", "Бір жылап алдым, жүректебірентерлік ән екен", "Анамды еске түсіріп, бір жылап алдым", "Өз анаңыздың түсіргеніңіз сондай әсерлі болып шыққан", "Анаңыз екеуіңіз жақсы түсіпсіздер. Сіздерге көз тоймайды", - деп жазды тыңдармандар .
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1945849-anasyn-beinebayanga-tusirgen-saduaqasova-el-zuregin-elziretti-video/