jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Құрмет Талапқазы - жыл адамы": "Қызық премия" жүлдесі биыл кімдерге бұйырды

    "Қызық Премия". Кадр
    "Қызық Премия". Кадр: YouTube/Қызық Live

    "Қызық LIVE" бағдарламасы әдеттегідей жыл сайынғы жаңажылдық шығарылымын ел назарына ұсынып, 2021 жылдың қорытындысын жасады. Жүлде табыстау рәсіміне өткен жылы ел аузынан түспеген тұлғалар, оқиғалардың кейіпкерлері, жұлдыздар мен спортшылар, олимпиададан орын алған оқушылар қатысты. Одан бөлек, әйгілі түрік әншісі Мұстафа Сандал да қонақ ретінде шақырылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақ көрерменіне танымал "Қызық LIVE" бағдарламасы жаңажылдық мерекелік шығарылымын назарға ұсынды. Олар әдеттегідей елді селт еткізген отандық жұлдыздарды, спорт, ғылым саласындағы үздік болған жандарды, ел аузынан түспеген оқиғалардың кейіпкерлерін, көрерменнің көзайымына айналған үздік киносериалдардың актерлерін, сонымен бірге ондаған миллион оқырманы бар блогерлерді назардын тыс қалдырмай, оларға "Қызық премия" жүлдесін табыстады.

    Әзіл-сықақ бағдарламасы дәстүрлі түрде өткізетін бұл жүлдеде "Жыл адамы" номинациясы Маңғыстаудағы құрғақшылық кезінде үлкен бастама көтеріп, еліміздің оңтүстігіне вагон-вагонымен шөп жіберген Құрмет Талапқазыға берілді.

    Одан бөлек, "Жыл хикаясы", "Бір күнде жұлдыз болғандар", "Жыл спортшысы", "Жыл чемпионы", "Ең көңілді жандар", "Жыл плагиаты", "Боп тұрады", "Жыл блогері", "Жылдың үш әрпі", "Жыл альбомы" деп аталатын т.б. арнайы номинациялар бойынша жүлделер табысталды.

    Мерекелік шығарылымға қонақ ретінде әнші Нұрболат Абдуллин, Серік Ибрагимов, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Бибосынов, физика, химия пәндерінен халықаралық олимпиадада үздік деп танылған мектеп оқушылары, кәсіпкер Қайрат Құдайберген, сондай-ақ, желі арқылы бір күнде танылған әнші Гүлмайдан Серікбай, "Қойшы бала" атанып кеткен Айдос Кәден, сықақшы Қайрат Әділгерей және т.б. қатысты.

    Ал кештің көркін әйгілі арнайы Түркиядан шақырылған түрік әншісі Мұстафа Сандал қыздырып, көрермендерге танымал әндерінен ән-шашу жасады.

    "Құрмет Талапқазы - жыл адамы": "Қызық премия" жүлдесі биыл кімдерге бұйырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.