jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Сенің жұбайың болайыншы": 7 жасар баланың жауабы атышулы Байзакованы тәнті етті

    Байзакова
    Кадр: Super Bala Show бағдарламасынан

    Айжан Байзакова бүгінде өзін басқа қырынан көрсетіп, дарынды балалардың өнерін дәріптейтін шоу-бағдарламаны жүргізуде. Бағдарламада балалар қызықты ойларын жеткізіп, күрделі ұғымдарды бала тілімен түсіндіріп көреді. YouTube-платформасындағы жобаның кезекті санында жеті жасар баланың ойлары Байзакова тәнті етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бағдарлама барысында шоу қонақтарына түрлі сұрақтар қойылып, оларға балалар барынша шынайы жауап беруге тырысады. Бұл жолы Натан Прибыльский есімді бала махаббат, достық, мемлекет басшысы сынды ұғымдарға қатысты өзінің ойын айтқан.

    "Мен ән айтқанды және сурет салғанды ұнатамын. Музыкамен айналысамын. Ағаларым бар. Анам әдемі", - деді ол өзі туралы айта келе.

    Ата-анасымен Нұр-Сұлтанда тұратын бала бүгінде актерлік шеберлік бойынша білім алатынын жеткізді.

    Одан бөлек, ол махаббат ұғымына қатысты өзінің балалық ойын бөлісті.

    "Ұл балалар мен қыз балалар бірге тұрады, сонда махаббат басталады. Ал мен отбасымды жақсы көремін. Сосын Маргарита есімді қыз баланы жақсы көремін. Себебі екеуіміз доспыз", - деді ол.

    Сонымен қатар, Натанға «президент болсаң не істер едің? 1 млрд долларың болса не сатып алар едің?» деген сынды сұрақтар қойылды.

    7 жасар бала сөзден жаңылмастан: "Елге жақсылық жасар едім. Елдің бәріне кәмпит таратар едім. Ал 1 млрд долларым болса, пәтер алар едім, әйеліме жүзік сатып алар едім", - деп жауап берді.

    Оның жауаптарына тәнті болған Байзакова:

    "Болашақ әйелі туралы айтқан алғашқы баласың. Сенің жұбайың болайыншы?", - деп әзілдеді.

    "Сенің жұбайың болайыншы": 7 жасар баланың жауабы атышулы Байзакованы тәнті етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.