jitsu gif
Шоубиз

    "Ажардың ағасы": Тамара Асар күйеуінің ер жеткен ұлын көрсетті (фото)

    Тамара Асар жолдасымен
    Фото: instagram.com/tamara_assar_official

    Отандық танымал әнші Тамара Асар отбасылық өміріне қатысты жан сырын ақтарды. 45 жасында қызды болған өнер иесі алдағы уақытта тағы да балалы болғысы келетінін жасырмады. Оған қоса, ол жолдасының ер жеткен ұлын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тамара Асар Instagram желісінде кезекті рет сұрақ-жауап ашып, оқырмандары жолдаған сауалдарға жауап берді. Әншінің жеке өмірін жіті бақылап отыратын көпшілік одан тағы да сәби сүюге қатысты ойын білмек болды.

    Өнер иесі өз кезегінде тағы да сәбилі болуға ниетті екенін жеткізді.

    "Әрине, қалаймын. Бізге Алладан Ажар сияқты аяқ асты тосын сый болып келсе, менің әйел әлемім перзентті сүйеді. Тек денсаулығым мен жүйкеме, өзімді басқаруыма бапты күшейтер едім", - деді ол.
    Тамара Асардың Stories-і
    Скриншот: Instagram/tamara_assar_official

    Тамара Асарға жолдасы мен қайын жұрты жайлы сұрақтар көптеп қойылады. Әнші күйеуінің жасы 45-те екенін, отбасында бір ағасы, бір қарындасы бар екенін айтты. Сондай-ақ, бұрынғы некесінен ұлы бар екенін жасырмады. 

    Тамара Асардың Stories-і
    Скриншот: Instagram/tamara_assar_official

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.