jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қазақ өнерінің падишасы": 70 жасқа толған Лидия Кәденоваға әріптестері тосынсый жасады (видео)

    Лидия Кәденова
    Лидия Кәденова. Фото: teatr-musrepov.kz/

    Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актриса Лидия Кәденова күні кеше 70 жасқа толды. Театр ұжымы ардагер әріптесіне тосынсый жасап, оның мерейтойын ерекше тойлап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Лидия Кәденованың туған күнінен бейнекадрларды Кәденованың әріптесі Рахман Омар желідегі парақшасына жүктеген. Онда спектакльге дайындық кезінде театр қызметкерлері өнер иесіне тосынсый жасағанын көруге болады.

    "Бүгін қазақ театр өнерінің падишасы, талантты актриса, қайталанбас тұлға - Лидия Кәденова 70 жасқа толды. Кешке "Баянсыз бақ" қойылымы. Лекең басты рөлде. Дайындық кезінде спектакльде ойнайтын әріптестер тосынсый жасадық", - деп жазды Рахман Омар.

    Ал кешке Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрының ғимаратында арнайы дастархан жасалып, театр ұжымы актрисаның туған күнін атап өтті.

    Айта кетсек, Лидия Тәжидинқызы Кәденова "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

    "Қазақ өнерінің падишасы": 70 жасқа толған Лидия Кәденоваға әріптестері тосынсый жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.