jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Туған күнін дүркіретіп атап өтер едік": Түсіпбаева марқұм Берік Исмайыловты есіне алды

    Меруерт Түсіпбаева мен Берік Исмайылов
    Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

    Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева марқұм досы Берік Исмайыловты есіне алып, оған желіде жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Өнер иесі мәңгілік сапарға аттанған досына деген сағынышын Instagram парақшасында жеткізді. Ол Берік Исмайыловты туған күнімен енді құттықтай алмайтынына өкінішін білдірді.

    "Бүгін, Исмайылов Берік Әбдешұлының туған күні. Ағамыз тірі болғанда 60 жасқа толар еді. Марқұмның рухына арналған деректі фильм жарыққа шықты. Иманды болсын. Бүгін, Бекеңнің туған күнін дүркіретіп атап өтер едік. Арман таусыла ма?! Кімнің қанша жасары бір Аллаға мәлім. Десек те, қимаймыз. Амал бар ма?! Қайран өмір, жалт етіп - жоқ болған. Артыңызда қалған жұбайыңыз, дос- туыс, балаларыңыз, немерелеріңіз ғұмырлы болсын! Жаныңыз жәннәтта болсын. Маған еш аянбай, сансыз көйлек тіккен шебер жан, асыл досым. Иманды болыңыз", - деп жазды ол.

    "Туған күнін дүркіретіп атап өтер едік": Түсіпбаева марқұм Берік Исмайыловты есіне алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.