jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы ұсталды

    кісен11
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram парақшасы.

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

    16 наурызда Гүлмира Сатыбалды ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", -делінген хабарламада.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

    Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталып, тергеу изоляторына қамалғанын хабарлаған болатын.

    Агенттік оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

    Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.