jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Бала күнімнен бері армандадым": Айқын су жаңа көлігін көрсетті (видео)

    Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
    Фото: Instagram/aikyn

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген қалың көпшілікке жаңа темір тұлпарын көрсетті. Өнер иесі бала күнінен бері армандаған көлігін алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл қуанышын әнші Instagram парақшасында бөлісті. Ол оқырмандарына өзінің арманындағы көлігін көрсетті. Белгілі болғандай, әртістің таңдауы Gelendwagen көлігіне түскен.

    Ол ақ түсті темір тұлпарды бала күнінен бері армандап келе жатқанын айтты.

    Сонымен қатар өнер иесі су жаңа көлігінің іші-сыртын көрсетіп, видео жариялады.

    Желі қолданушылары Айқын үшін қуанып, оны жарыса құттықтады.

    "Құтты болсын. Бізге де осындай көлік бұйырсын", "Армандар орындалады", "Жарайсың, сен үшін қуаныштымыз", "Тұлпарың ешқашан жолда қалдырмасын. Құтты болсын", "Құттықтаймыз. Өз арманын орындағанға не жетсін", "Адал еңбектің арқасы", - деп жазуда көпшілік.

    "Бала күнімнен бері армандадым": Айқын су жаңа көлігін көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.