jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ағайынды Жүгінісовтер қажылыққа барып келді (фото, видео)

    Мұхаммедәлі Жүгінісов
    Фото: Instagram/zhugunussov_jr

    Ағайынды Рүстем және Мұхаммедәлі Жүгінісовтер Меккеге кіші қажылыққа барып келді. Өнер иелері бұл қаисетті сапарға аналарымен бірге барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жүгінісовтердің қажылыққа барып келгендері туралы Instagram желісінен белгілі болды. Ағайынды бауырлар қасиетті мекеннен фото және видеоларды бөлісті.

    Бейнежазбалардың бірінен Рүстем Жүгінісовтың анасына Меккеге жолдама тарту еткен сәтін көруге болады. Әнші анасын әуежайдан күтіп алып, оған үлкен тосын сый жасаған.

    Белгілі болғандай, Рүстем Жүгінісов қажылыққа ұлын да алып барған. Ол баласымен мешітте жүрген видеоны жариялады.

    Оған қоса өнер иесі қасиетті мекенде ән салған сәтімен де бөлісті.

    Желі қолданушылары әншілерге тәнті болып, олардың жылы лебіздерін білдірген.

    "Бәрімізге осындай сапар бұйырсын", "Анаға мұндай сыйлық жасау деген мақтануға тұрарлық нәрсе. Жарадың, нағыз азаматсың", "Керемет. Қабыл болсын. Ниеттеріңіз бізге де жұғысты болсын баруға нәсіп етсін", "Қандай керемет жанұя. Сіздерге тәнтімін", - деп жазуда көпшілік.

    Ағайынды Жүгінісовтер қажылыққа барып келді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.