jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Менің жағдайым ешкімнің басына түспесін": Жарқынай Ханайым өз жан сырын ақтарды

    Жарқынай Ханайым
    Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

    Әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Өнер иесі өз басынан өткен ауыр жағдайды қалай еңсергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жарқынай Ханайым сұрақ-жауапты Instagram парақшасында ашты. Әнші алдымен сүйген адамды қалай ұмытуға болатынын түсіндіруге тырысты. Оның сөзінше, бұл мәселеде уақыт емші.

    "Уақыт бәріне емші. Алладан артық ешкімді жақсы көрмеңіз. Сізді бақытты етуге, қасыңызда болуға әрекет етпейтін адамды өміріңізде қалдырудың қажеті жоқ. Бақытыңызды іздеңіз. Қартайғанда көзіне ренішпен емес, сол адамға өміріңізді арнағаныңыз үшін қуанып қарап отыратын жанды іздеңіз", - деп жауап берді ол.

    Сондай-ақ Жарқынай босанғаннан кейін күйзеліске ұшырауға уақыты болмағанын айтты. Өнер иесі ол кезде онсыз да қиыншылдықтары көп болғанын алға тартты.

    Жарқынай Ханайымның Stories-i
    Скриншот: Instagram/jarkynaixanaiym

    Сонымен қатар әртіс бойындағы кемшіліктері жайлы айтты. Бүгінде ол өзінде комплекс мүлдем жоқ екенін жеткізді. Оған басына түскен сынақтар себеп болса керек дейді ол.

    "Қазір жоқ деп айта аламын. Барыма қуанамын. Сырттай да, іштей де ешқандай комплекс жоқ. Қалай бармын, солай қабылдамайтын адамдардың сөздерін есепке алмаймын. Менің жағдайым ешкімнің басына түспесін. Менің көрген қиыншылықтарымды басынан өткізіп, мендей төзіп, мендей болып алсын деймін", - деп жазды әнші.

    "Менің жағдайым ешкімнің басына түспесін": Жарқынай Ханайым өз жан сырын ақтарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.