jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Sabirkin мен Нұрсұлтан Жақсыген «Біздің шоудан» кетті

    Нұрсұлтан Жақсыген
    Фото: 31 Канал

    31 арнадан көрсетіліп жүрген «Біздің шоу» бағдарламасынан бір уақытта 2 резидент кетіп қалды.

    31 Канал
    Фото: 31 Канал

    Танымал блогер Сабира Жарасқызы жобадан кету себебін Instagram жілесінде жариялаған. Сабиркиннің айтуынша, телевизиялық жобалар оның көп уақытын алады. Түсірілімдер отбасына көңіл бөлуге мүмкіндік бермейтін көрінеді. Ал, актер Нұрсұлтан Жақсыген болса, бағдарламамен арадағы келісім шартты жалғастырмайтын болып шешті.

    Жоба басшысы, продюсер Ғалия Байбосынова өз кезегінде әр резидентпен бірнеше апта бойы келісім жүргізілгенін атап кетті. Сондай-ақ, әрбір резидент қазіргі таңда шоу-бизнесте өз орны бар, жоғары сұранысқа ие топ жұлдыздар дейді продюсер.

    Алдағы уақытта көрерменді не күтіп тұр деген сұраққа, жоба жетекшісі:

    «Жаңа маусымда қызықты қойылымдар, өткір әзілдер, мықты актерлық құраммен қуантамыз. Ең қуаныштысы, актерлық құрам толықтай дерлік өзгеріссіз қалды. Жаңадан бір ғана резидент қосылды. “Байдың балалары” КВН командасының белді мүшесі Наурыз Рысымов біздің жоба резиденті болады. Наурыз Рысымов - жастар арасында танымал актер. Жайдарманшы. Біздің негізгі құрамға алдымен жас актер қажет болды. Екіншіден, жастар арасында танымал болғаны маңызды еді біз үшін. Оған қоса, актерлық ойыны жоғары жан іздеген болатынбыз. Наурыз осы талаптардың бәріне сай келді», - деп ағынан жарылды.

    Көрермендердің көзайымына айналып үлгерген «Біздің шоудың» жаңа маусымы 24 сәуірден бастап эфирге жол тартады. Ерекше сценарий, сүйікті актерлер мен күлкілі әзілдерге толы жобаны әр жексенбі 21:00де 31 арнадан тамашалаңыздар.

    *PR құқығында.

    Sabirkin мен Нұрсұлтан Жақсыген «Біздің шоудан» кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.