jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Белгілі блогер Zheka: Әкем қылмыс әлемінің адамы болған

    Zheka Fatbelly
    Видеодан кадр: Youtube/НТК

    Отандық танымал блогер Zheka Fatbelly әкесі туралы жан сырын ақтарып, балалық шағының естеліктерін бөлісті. Желі жұлдызы қатарластарына қарағанда ерте есейген. Әкесі түрмеге отырған сәттен бастап, ол отбасы үшін жауапкершілігін сезінген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Zheka Fatbelly әкесі жайлы көпшілік біле бермейтін жайттарды айтып берді. Оның сөзінше, әкесі қылмыс әлемінің адамы болған.

    "Әкем қылмыс әлемінің адамы болған. Есірткі шеккен. Ол кездің адамдарының бәрі есірткі шегетін. 6 жасымда әкемді түрмеге алып кетті. Менің көз алдымда солай болды. Мен 15 жылдан соң өмірге келген кенже ұлмын. Байдың баласы болғым келді. Еркелеп өскім келді. Ата-ананың ақшасына оқып, шетелде тұрғым келді. Бірақ олай болмады. Әкемнің орнына әке, ер азамат болуға тура келді.

    15 жастан нан табу керек болды. Анама қорған болу керек болды. Еркеліктің бәрі қалды. Әкем іздеуде жүрді. Соған қарамастан мен барғым келген жерлерге мені қыдыртатын. Бұл маған деген соншалықты махаббаты. Қылмыс әлемінен болса да, менің ертеңімді ойлады. Артық ақшаға құнықпады. Қара жолмен келген ақша сенің басыңа тиеді деп айтатын. Сондай қызық, ерекше, нағыз ер азамат болды", - деді блогер "Taboo" бағдарламасында.

    Жеңіс Омаров әкесінің қасында ұзақ бола алмаса да, оны еш кінәламайтынын жеткізді. Ол ата-ананы қателігі үшін жек көру дұрыс емес деп есептейді.

    "Әкеме түрмеге барып тұратынмын. Түрмеде жақсы адамдар да, жаман адамдар да бар. Бәрін өз көзіммен көрдім. Мен ешкімді қараламаймын. Ата-ананы қателігі үшін жек көруге болмайды. Ата-ана ажырасуы мүмкін. Бірақ ол үшін жек көрмеу керек.

    Бала әкені өзінше, ананы өзінше жақсы көру керек. Себебі, ол – тағдыр. Ешкім алда не боларын білмейді. Өз өміріңнің қалай боларын білмейсің. Әкемді кінәламаймын”, - деді Zheka.

    Белгілі блогер Zheka: Әкем қылмыс әлемінің адамы болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.