jitsu gif
Шоубиз

    Жасұлан Базарбаев Меккеге қажылыққа аттанды (фото, видео)

    Жасұлан Базарбаев
    Фото: Instagram/jbazarbaev

    "Диета KZ" тобының әншісі Жасұлан Базарбаев өнердегі әріптестерінен қалыспай, қасиетті Меккеге қажылыққа аттанды. Бүгінде әртіс мұсылмандық парызын өтеуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жасұлан Базарбаевтың қасиетті сапарға аттанғаны туралы Instagram желісінен белгілі болды. Әнші өз парақшасында Меккеден фото және видеоларды бөлісті.

    "Осынша адамның арасында неше дүлдүл жүр десеңші. Барлығының тілегі - Алланың разылығы. Алла барша мұсылмандардың дұғасын қабыл етсін", - деп жазды ол.

    Өнер иесі Меккеге достарымен бірге барған көрінеді. Бейнежазбалардың бірінде олардың көшедегі адамдарға құрма таратып жатқанын көруге болады.

    Желі қолданушылары мұсылмандық парызын өтеуге барған жұлдызға тәнті болып, оған өз ақ тілегін білдірген.

    "Ниетіңіз қабыл болсын", "Жарайсыз, тілегіңіз Алланың құлағына шалынсын", "Алланың нұры жаусын сізге", "Бізге де осындай сапар бұйырсын", "Қандай тамаша. Оразаның аяқталатын кезде Меккеде болу әркімнің арманы ғой", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.