jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Отбасында басқа адаммын": Диана Қырықбай ата-анасы туралы айтып берді

    Диана Қырықбай
    Фото: Instagram/diana_kyrykbay

    Тележүргізуші Диана Қырықбай ата-анасымен қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Айтуынша, ол ата-анасына желіде отыруға тыйым салған. Қырықбай ғаламторға жариялайтын видеолары үшін ұялмайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Диана Қырықбай ата-анасының жағдайын жасауға барынша тырысып жүргенін айтты. Тележүргізуші әлеуметтік желіде танымал болғанымен, өз отбасында мүлдем басқа адам екенін жасырмады.

    "Мен ата-анама телефон алып бердім. Ай сайынғы ақшасын беріп тұрамын. Басқасы не керек? Оларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салдым. Менің видеоларымды көрген күннің өзінде мен ешнәрсе бүлдіріп жүрген жоқпын. Мен отбасында басқа адаммын. Ағаға – қарындаспын, ата-анаға – қызымын, қазақы ортаның қызымын. Ал басқа кезде басқа Дианамын. Ағаларым менің хайп қуып жүргенімді біледі. Сондықтан күліп қарайды", – деді ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында.

    Оған қоса Диана Қырықбай тележүргізуші Айгүл Мүкейдің сіңлісі екенін айтты.

    "Айгүл Мүкейдің әкесі – менің анамның ағасы. Туған емес, бірақ әпкем. Бірақ ол кісі Алматыда, мен Шымкентте өскенмін. Астанада бір жыл сол кісінің қолында тұрдым. Кейін сол бойы астанада қалып қойдым", – деді Диана Қырықбай.

    "Отбасында басқа адаммын": Диана Қырықбай ата-анасы туралы айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.