jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Назар Адайбеков": Жанар Айжанова немересінің туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

    Жанар Айжанова немересінің туған күнін атап өтті
    Фото: Instagram/askhat_targin

    Әнші Жанар Айжанова немересінің туған күнін ерекше атап өтті. Өнер иесі оңтүстік астанада үлкен той жасап, барша жұлдыздары шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жанар Айжанова немересінің бір жасқа толуын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен.

    Жұлдызды жанұяның қуанышына Тамара Асар, Мадина Сәдуақасова, Баян Алагөзова, Айгүл Иманбаева, Шахизада Байбатжанова, Асхат Тарғын, Мақсат Рахмет, Жасұлан Базарбаев, Өмірқұл Айниязов және т.б. өнер өкілдері барды.

    Әртістер өз ақ тілектерімен қоса той қонақтарына ән-шашуын да арнады. Олар Instagram желісінде дүбірлі тойдың қалай өткенін қалың көпшілікке көрсетті.

    Айта кетерлігі, думанды шарада Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы жолдасы мен ата-енесі көрінген жоқ.

    Оған қоса Жанар Айжанова тұңғыш немересіне өзінің марқұм күйеуінің тегін берсе керек. Себебі мейрамхана ішіндегі үлкен безендіру тақтасында "Назар Адайбеков" деп жазылып тұрды.

    "Назар Адайбеков": Жанар Айжанова немересінің туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.