jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Сені сүйем, бірақ жек көрем": Қайрат Нұртас жақында тағы жаңа ән шығармақ

    Қайрат Нұртас
    Фото: Instagram/kair_n

    Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас жақында тағы бір туындысының тұсауын кеспек. Жақында анасына ән арнаған әртіс бұл жолы махаббат жайында шырқайтын болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қайрат Нұртас бұл әні бұрынғылардан өзгеше екенін атап өтті. Себебі туындының сөзін де, әнін де өзі жазып шығарған.

    "Әні, сөзі өзімдікі! Жақында өздеріңізге жол тартады ИншАллаһ! Сөзіне көмектескен Калифарния. Шабыт берген өзің ғой, Ақсұңқар", - деп інілеріне алғысын айтты ол.

    Өнер иесі жаңа әнінен үзіндіні орындап, оны көпшілікке тыңдатты.

    "Мен сені сүйем, бірақ жек көрем,

    Өзің кінәлі, мен кет демедім.

    Мен еліме еркелегем, 

    Мендегі кінә ол,

    Еліме еркеледім", - деп шырқады әнші.

    Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, әнді асыға күтетінін жазды. Оған қоса көпшілік бұл туындының Қайраттың өмірімен байланысы бар екенін айтуда.

    "Сені сүйем, бірақ жек көрем": Қайрат Нұртас жақында тағы жаңа ән шығармақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.