jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әнші Садраддин сахнаға жүгіріп шыққан тыңдарманына әнін орындатты (видео)

    Садраддин Болат
    Фото: Instagram/sadraddinn

    Жастар арасында аса танымал әнші Садраддин Болат өз концерті кезінде көпшілікті тәнті етті. Өнерпаз сахнаға жүгіріп шыққан тыңдарманына микрофон ұсынып, өзінің хит әнін орындауға рұқсат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Концерттің үзіндісі Instagram желісіндегі парақшаларға тарап кетті. Онда Садраддин ән салып жатқан кезде сахнаға жас жігіттің жүгігіріп шыққанын көруге болады. Күзет қызметі бірден жанкүйерді алып кетуге тырысты. Алайда әнші оған жол бермей, тыңдарманын қасында алып қалды.

    Жас жігіт әртістен оның әнін орындауға рұқсат сұрады. Садраддин көп ойланбастан микрофонын беріп, халықты қолдау көрсетуге шақырды.

    Әншінің жанкүйері "Алия" әнін сәтті орындап шығып, көпшілікті таңғалдырды. Садраддиннің өзі де оның дауысына таңданысын жасырмады.

    Желі қолданушылары бұл жағдайды бірден қызу талқылап, өз ойларын бөлісті. Олардың басым көпшілігі өнерпаздың асқан қарапайымдылығын атап өтіп, оның әрекетін жоғары бағалады.

    Сондай-ақ пікір қалдырушылар жас жігіттің өнеріне де тәнті болғандарын жазуда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.